Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін ескерту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылдың 29 мамырында сағат 12 сағат 30 минутта, Ақтөбе облыстық сотының сот отырысы залында, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға берілген шағымды қарау барысында судьяның ескертпесін елемей, сот залынан өз еркімен шығып кеткен, яғни осы әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде (сотты құрметтемеушілік, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан көрiнген әрекеттер) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

ҚР Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Қазақстан Республикасының соты туралы заңдылықтарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» №1 нормативтік Қаулысының 9 тармағына сәйкес сотта болудың белгіленген ережесін бұзу және сотқа деген менсінбеушілік анық көрінетін кез-келген әрекет сотқа құрметтемеушілік  болып танылады.

Сот қаулысымен азамат Ж. ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: