Сотқа құрметтемеушілік көрсеткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында аз. Д.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, аз. Д. ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 б. 2б. бойынша әкімшілік істің құқық бұзушысы бола тұра, сот отырысында төрағалық етуші судьяның ескертпесіне бағынбай, бірнеше рет жасалынған ескертпелеріне мән бермей, сот отырысында тәртіп бұзған. Сөйтіп, аз. Д. өзінің іс әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 513 бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықты бұзған, яғни сотқа құрметтемеушілік білдірген. 

         Алға аудандық сотының қаулысымен аз.Д. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 513-бабының 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 5 (бес) тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

          Қаулы заңды күшіне енген жоқ.     

                                                                                                                 Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі