Сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылғы 2 маусымдағы       № 13762 санды  Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің бұйрығымен бірлесе бекітілген, 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 санды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аталған шараға  судья Ж.Кунаева, сот мамандары, аға сот приставы  мен ҚР ІІМ-нің Мұғалжар аудандық МКҚБ-нің  1ПБ 9-взвод қызметкерлері  қатысты.

Іс-шара барысында семинарға қатысушылар өткізу және ішкі обьекті режимінің негізгі қағидаларын талқылап, сонымен қатар, сот ғимаратының аумағына өткізілуге тиым салынған заттар тізімімен танысты.

Шара соңында семинарға қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі