Сот төрағасы 10-11 сынып оқышыларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.Аманкулова Бадамша ауылындағы №1 және №2 орта мектебінің ұстаздарымен және 10-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Аталған шара оқушылардың мамандық таңдау, жазғы демалысы қарсаңында, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында сот төрағасы Н.Аманкулова оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа ӘҚБтК-нің нормаларын түсіндіріп, құқық бұзушылық жөнінде түсінік берді, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілінің қатысуынсыз жүруге, шылым шегуге, белгiленбеген орындарда коммуналдық қоқыстарды тастауға, алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салынғаны туралы сот тәжірибесінен бірнеше мысалдар келтіріп, айтып өтті.

Өз кезегінде оқушылар болашақта өз тағдырларын қандай мамандықпен байланыстырғысы келетіндері және қандай салада жұмыс жасаған ұнайтындығы жөнінде пікірлерімен бөлісті

Шара соңында, сот төрағасы ұстаздар мен оқушылардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі