Сот талап қоюшының еңбекақысы уақытылы төлеу бойынша конституциялық құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, азаматтардың еңбегін уақытылы төлеу конституциялық құқығының қорғалуы мемлекеттік саясатының басым бағыттардың бірі болып табылады.

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы П.-ның жауапкер «С.» ЖШС-не еңбекақы бойынша берешекті, зейнетақы жарналарын және моральдық залал өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында, талап қоюшы П. еңбек шарты негізінде «С.» ЖШС-де жүк тиеуші машинист болып жұмыс жасағандығы анықталды. Еңбекақы  туралы анықтамасына сәйкес, 2016 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында еңбекақысы бойынша 782 530 теңгені, зейнетақы жарналары бойынша берешегі 94 817 теңгені құраған.

Сот істің материалдарын жан-жақты зерттеп, талап арызды ішінара қанағаттандырды. Жауапкер «С.» ЖШС-нен талап қоюшының пайдасына 782 530 теңге көлемінде еңбекақы бойынша берешегін, 5 239 теңге көлемінде пеня, 93 216 теңге көлемінде зейнетақы жарналарын, 20 000 теңге көлемінде моралдық залалды өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі