Сот Мемлекеттік еңбек инспекторының құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер «Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы»  ММ-нің 2016 жылдың шілдесіндегі «Тәртіптік жаза туралы» бұйрығын заңсыз деп тану және оның күшін жою, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен есепке алынған №1-ДП нысанын алып тастау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшымен ЖШС тексеру барысында, азамат Д.-ның көрсетілген мекемемен еңбек қатынасында тұрғандығы дәлелденбегендіктен, тексерудің қорытындысы бойынша жауап берілген, алайда Д. берілген жауаппен келіспей, Ақтөбе қаласының прокуратурасына және жалақыны өндіру туралы талап арызбен сотқа  жүгінген.

Талап қоюшы сотқа берген арызында, Д.-ның жалақыны төлемеу фактісі бойынша берген арызы бойынша прокуратураның ұсынысы негізінде жауапкердің өзіне қатысты заңсыз тәртіптік жаза қолданғанын көрсеткен.

Сот істің мән-жайын және істе жинақталған дәлелдемелердің жиынтығын бағалап, сонымен қатар, талап қоюшы Д.-ның жалақыны өндіру туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған заңды күшіне енген сот шешімі мен Ақтөбе қаласы прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеріс кезеңін ескеріп, «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану негізсіз деп қорытындыға келді.

Сот шешімімен «Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы»  ММ-нің  бұйрығы заңсыз деп танылып, оның күші жойылды. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының есепке алынған №1-ДП нысанын алып тастау туралы талаптары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі