Сот көтерме жәрдемақы өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты «Мәртөк аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің жауапкерден көтерме жәрдемақыны өндіру туралы талап арызын қарады.

 Мәртөк аудандық әкімінің 27.11.2015 жылғы №506 «Көтерме жәрдемақысын төлеу әлеуметік қолдану шарасын көрсету туралы» қаулысы бойынша  жауапкерге    маман ретінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу  әлеуметтік қолдау шаралар ұсынылып, білім беру ұйымында кемінде үш жыл қызмет істеуге міндеттелген, 138 940 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы берілген.

Жауапкер тікелей міндетін орындамай, білім беру ұйымында 3 жылдың орнынан 2 жыл еңбек етіп, жұмыстан шығып кеткен.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 272-бабына сәйкес мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Мәртөк аудандық сотының  шешімімен  «Мәртөк ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің  талап арызы қанағаттандырылып,  жауапкерден «Мәртөк ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің пайдасына 138 940 теңге көтерме жәрдемақы және мемлекет кірісіне 4163 теңге мемлекеттік баж өндірілген. Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі