Сот бұзақыны әкімшілік қамауға алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша Б.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, Б.А. алкогольдік масаң күйінде Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Қазақстан көшесінде орналасқан дүкеннің қасында, яғни қоғамдық орында, адамдардың көзінше дәрет сындырып, ортақ пайдалану орынын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттың қаулысымен, құқық бұзушы Б.А. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде (Ұсақ бұзақылық) көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі