Сот белгілеген шектеулерді орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында сот белгілеген шектеулерді орындамаған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.  

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы Ш. Шалқар аудандық сотының 24.04.2017 ж. қаулысымен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 480-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, бір жыл ішінде қайталап, 04.07.2017 ж. сағат 00.05-шамасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам ретінде әкімшілік қадағалау орнатылған адам бола тұра тұрғылықты жерінде болмаған.

Сөйтіп, ол ӘҚБтК-нің 480-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы Ш.  кінәсін мойындап, әкімшілік қадағалау орнатылған адам екенін білетінін, өзіне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамағанын көрсетті.

Соттың қаулысымен Ш.  ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі