Сот Ақтөбе Заң институты тыңдаушысының құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрілігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты» АММ-нің тыңдаушысына тәртіптік жазаны қолдану туралы 13.03.2017 жылғы бұйрықты заңсыз деп тану, арнайы бастапқы оқу курсының тыңдаушылар есебіне қайта қосу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы Д. 2016 жылғы қаңтарда «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрілігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты» АММ-нің арнайы бастапқы оқу курсына тыңдаушы ретінде қабылданды. 2017 жылғы 13 наурызда «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрілігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты» АММ-нің басшысының бұйрығымен талап қоюшыға арнайы бастапқы оқу курсының тыңдаушылар есебінен шығару түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Берілген бұйрыққа 2017 жылғы 10 наурызда арнайы бастапқы оқу курсының тыңдаушысының институт асханасынан тағам алып шығу фактісі негіз болды. Орын алған оқиғаға қатысты берген түсініктемесінде талап қоюшы тағамды институт асханасынан шығаруға тыйым салынғандығы туралы хабарсыз екендігін мәлімдеді.

Талап қоюшы өз заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінді.

Сот шешімімен талап қоюшының арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот жауапкер «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрілігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты» АММ-нің тәртіптік жазаны қолдану туралы 13.03.2017 жылғы бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жоюды шешті. Бұйрықты даулаудың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Талап қоюшы «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрілігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты» АММ-нің арнайы бастапқы оқу курсының тыңдаушылар есебіне қайта қосылды. Сот «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрілігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты» ММ-нен мемлекет пайдасына 1 134 теңге көлемінде мемлекеттік бажды өндіруді шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі