Әскери қызметкер бұйрық тәртібін бұзды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  15 қаңтар 2014 жылы әскери қызметкер К. №66597 әскери бөлім командирінің 17.09.2013 жылғы «Әскери бөлімде ұялы байланыс құралдарын, оргтехникаларды, кино-фотоға түсіру, дыбыс-бейне жазба аппаратураларын жеке қолдануды реттеу» туралы бұйрығының талабын бұзып, әскери бөлім аумағына бейне, фото құрылғысы бар «Samsung» ұялы телефонын әкелген, сөйтіп ҚР ӘҚБтК-нің 512-4 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес азамат К. ҚР ӘҚБтК-нің 512-4 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі