Шалқар аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жыл сайын 1 қазанда күздің ерекше мерекелерінің бірі «Халыққаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күні» мерекесін атап өтеміз. Бұл күні жылы алғыс сөздерімізді ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен, республиканың дамуына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне елеулі үлес қосқан, төзімділік пен рухқа үйреткен әкелеріміз бен аналарымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге арнаймыз.

Шалқар аудандық сотында Қарттар күні атап өтілді. Сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев аудандық соттың сот жүйесінің ардагерлері 40 жыл Шалқар аудандық сотында жұмыс істеген  Б.Елеусенова мен З.Нажиковаға  алғыс білдіріп, құттықтап оларға сыйлық табыс етті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі