Шалқар аудандық сотында сот бұйрығын шығару арыздары электронды форматта қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы шілде айынан бастап облыс бойынша   соттарда азаматтық  іс жүргізу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау  енгізілді.

Енгізілген жаңалық арызды тіркеу сатысынан бастап,  судьяның сот актісін жасауы, орындалуға жолдануы тек қана электронды форматта қарастырылып, азаматтық істер бойынша  қағаз іс жүргізуінің азайуына мүмкіндік береді.

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады және оның атқарушылық күші бар. Сот бұйрығын шығару талаптары ҚР АПК-нің 135 бабында қарастырылған.

Сөйтіп, Шалқар аудандық сотында 2017 жылдың 8 айында  214 іс бұйрық арқылы іс жүргізумен аяқталып, оның ішінде 53 арыз  электронды форматта қаралды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі