Шалқар аудандық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шалқар аудандық сотында «Өрт қауіпсіздігі туралы» тақырыпты семинар өткізілді. Оған аудандық сот сот қызметкерлері және Шалқар  ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің  өкілі қатысты.
Семинарда өрт қауіпсіздігі туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңсе меңгеруші Н.Ерниязова  «Өрт қауіпсіздігі туралы» тақырыпта баяндама жасап, жергілікті соттар ғимараттарында өрт қауіпін болдырмау үшін алдын-алу шараларына тоқталды.
Одан кейін сөз алған төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі Ж.Хұдайсүгіров та өрт қауіпсіздігі туралы тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және  жоюға, өрт қауіпсіздігінің қағидаларын қатаң сақтау қажет екеніндігіне тоқталды.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда  қызметкерлердің қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі туралы оқу өткізудің  маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында іс-шараға қатысушылар өз пікірлерімен алмасты.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі