Шалқар аудандық сотында «Құқықтық мәдениет-сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында  «Құқықтық мәдениет-сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі»  тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға      Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, сот  мамандары, Шалқар аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі А.Қ.Жұмағұлова, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі А.С.Тулегенова, сонымен қатар Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің кадр маманы А.М.Жанасова, Шалқар аудандық білім бөлімінің өкілі А.Ә.Әскербекова қатысты.

«Дөңгелек үстелде»  аға сот приставы Г.Абжапаров  ««Құқықтық мәдениет-сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі» тақырыбында баяндама жасап, мемлекетіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін тиімді қалыптастыру мақсатында оған қарсы іс-қимыл стандарттарын жасауға мүмкіндік беретін әрекеттерді кезең-кезеңімен қабылдап келетінін және елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары  үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғаны туралы айтты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар шараның соңында өз ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта аталған іс-шараларды жалғасын табатынын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі