Шалқар аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында жергілікті «Шалқар» газетінің өкілі Қ.Алинның қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингке сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, судьялар А.Ж.Маханбетов және С.О.Дәріқұлова қатысты.

Сот төрағасы сотқа бейне байланыс арқылы өткізілетін конференция құрылғысы қондырылғанын және аудан әкімдігінің ғимаратынан медиация кабинеті ашылғанын, сонымен қатар, медиация кабинеттері ауданының барлық селолық округтерінде ашылғанын, әкімдіктердің жанынан медиация кабинеттерін құрудың басты мақсаты - соттардың шалғай орналасқан халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау, оның ішінде сот және жол шығындарын үнемдеу болып табылатындығын айтты.

Судья А.Маханбетов Қазақстан Республикасы ӘҚБтҚ-нің 73-бабы бойынша отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жөнінде баяндаса, судья С.Дәріқұлова «Балаларды қорғау күніне» орай ата-аналардың жауапкершілігі жөнінде айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі