Шалқар аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында «Жекелеген санаттар бойынша  дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін  реттеу пилоттық жоба» тақырыбымен  баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жекелеген санаттар бойынша  дауларды  сотқа дейін  реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсатымен сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев аудандық «Шалқар» газетінің бас редакторы М.Мырзалиннің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихаты барысында пилоттық жобаның қолданылуы жайлы сұрақтары түсіндіріліп, медиация рәсімін қолдану қажет даулар (жанжалдар) санаттары нақтыланды. 

Сонымен қатар  О.Бақытгереев  жоба бойынша татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталғаны туралы айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі