Сатушының құқығы сотта қорғалып, әкімшілік іс қысқарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында З.А.-ға қатысты жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін өткізу дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, 26.08.1995 ж.т. М.С.-ға 1 шыны «Кристалл» маркалы арақты сатып, жиырма бір жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін өткізген деп Байғанин аудандық ІІБ-нің инспекторы З.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  200-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, іс-құжаттар жинақтап, сотқа жолдаған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 766-бабының 3-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жеке тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлілігі дәлелденуге жатады. 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабының 1-бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасының алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға өткізу жөніндегі талаптарын бұзуға қатысты жауапкершілік қарастырылған.

Алайда, сотта анықталғандай, З.А.-дан алкоголь өнімін сатып алған кезде М.С.-ның жасы жиырма бірге толып кеткен.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 11-бабына сәйкес, жеке тұлға кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  741-бабының 1-бөлігінің 2 тармағына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмаса әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады.

Соттың қаулысымен З.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  200-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс өндірісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 741-бабының 1-бөлігінің 2 тармағы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Осы әкімшілік іс бойынша заң бұзушылыққа жол берген лауазымды адамға тиісті шара қолдану және келешекте мұндай заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында жекеше қаулы шығарылып, Ақтөбе облысы ІІД-не жолданды.

Қаулы заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі