Рухани жаңғыру – қоғамның жаңаруы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотымен аудандық тарихи- өлкетану мұражайы ғимаратында  Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық сот төрағасы А.Балмұханов, судьялар Е.Жеткерген, С.Жумашкина, аудандық прокуратурасының прокуроры А.Махмудов, әділет басқармасының аудандық бөлім басшысы З.Даутова,  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Ракишева, аудандық мұрағат меңгерушісі А.Бектурганова, Хромтау қ. кен-тау техникалық колледжінің тарихшысы А.Сағын, «Хромтау» газетінің тілшісі Б.Қаметияқызы, аудандық кітапханысының қызметкерлері З.Алтаева, Т.Жиенбаева, А.Иссалиева және аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі қатысты.

Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.

Дөңгелек үстелдің жұмысын аша отырып, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Н.Амангалиева қатысушыларға мұражай бойынша экскурсия жасап, мәдени мұра және тарихи ескерткіштерге тоқталып шықты.

Сот төрағасы А.Балмұханов өз алғы сөзінде атап өткендей, Елбасының мақаласы бүгінгі күні өзекті қоғамдық-саяси және мәдени-этикалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан және автор идеяларымен тұжырымдалған бірқатар нақты шаралардан тұрады.

Кездесу барысында аудандық соттың судьясы Е.Жеткерген «Рухани даму – мықты мемлекет құрудың кепілі» тақырыбында баяндама оқыды.

Е.Жеткерген болашақта дамудың мықты діңгегі – білім екенін нақтылап өтті. Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «жоғары білімді адам ғана табысты өмір сүре алады, білімнің жоғары деңгейінің арқасында мамандықты өзгерте алады». Сонымен бірге, судья ұлттық құндылық, тіл мен дәстүр, мәдениет арқылы жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге, қатысушылар қазақ тілінің мәртебесін дамыту  үшін бағдарламалар мен іс шаралар ұйымдастыру және латын тіліне көшу туралы мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар айтылған ұсыныстар мен бастамаларға қолдау көрсетіп, орындауға кірісетіндерін жеткізді. 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі