Партисипативтік келісіммен тағы бір іс аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында партисипативтік келісіммен тағы бір азаматтық іс аяқталды.        

Талап қоюшы Қ. сотқа талап арыз жазып, онда  жауапкер Т. неке бұзуды сұраған.

Сот отырысында тараптар жазбаша өтініш түсіріп, олар отбасын сақтап татуласқандарын, балаларын бірге тәрбиелеп жатырғандарын көрсетіп дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы 05.10.2017 ж. адвокаттар қатысуымен жасалған партисипативтік келісімдерін бекітуді, азаматтық істі тоқтатуды, осы өтінішті өздерінің қатысуынсыз, өкілдері қатысумен қарауды сұраған.

Соттың 09.10.2017 ж. ұйғарымымен  талап қоюшының жауапкерден неке бұзуды сұраған азаматтық ісі бойынша тараптардың жасасқан партисипативтік келісімдері бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі