«Партисипативтік келісім арқылы дауды шешу » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында «Партисипативтік келісім арқылы дауды шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.К.Дүйсен, судья Е.А.Нуршарыпов, Ақтөбе облыстық қорғаушылар алқасының адвокаттар А.Б.Турмагамбетов, Д.А.Кушкарбаев қатысты.

Сот төрағасы, өткізіліп жатқан іс-шараны ашу барысында, 31.10.2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қойып, аталған кодекс 01.01.2016 жылы заңды күшіне енгені туралы айтты. Аталған Азаматтық процестік кодекстің негізгі жаңашылдықтарының бірі, ол сот шешімін шығармай жатып дауды қорғаушылардың көмегімен реттеуге мүмкіндік беретін, партисипативтік келісім тәсілін енгізу болып табылады.

Ол өз сөзінде, азаматтық істерді қарау барысында қолданылатын, яғни қорғаушылардың көмегімен жақтардың дауды партисипативтік келісім тәртібімен реттеу туралы тәсілдері бойынша егжей-тегжейлі айтып берді.

Осы балама түрдегі дауды реттеудің артықшылығы туралы, яғни қорғаушылар тараптарға заң талаптарын бұзбай даудың шешімін табу үшін, білікті заң көмегінің және келісімінің жобасын дайындау бойынша көрсететін көмегі туралы айтты. Қорғаушылар өздеріне сенім білдірушінің барлық құқықтық салдарын ескеруге тиіс, себебі ол, шешімнің келешекте орындалуын жеңілдетіп, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттырып, сот даулар бойынша азаматтардың арасындағы наразылығын төмендетеді және сот жұмыстарын азайтып жеңілдететінін көрсетті.

Іс-шара соңында жиынға қатысушылар азаматтық істерді қарау барысында партисипативтік рәсімді қолдану бойынша сұрақтарды талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі