«Пара алған үшін сотталды»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында Әйтеке би ауданы, Комсомол селосының тұрғыны Д-ға қатысты ҚР ҚК-нің 311-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына келсек: 2013 жылдың 23 қарашада Д. Әйтеке би станциясының  - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға теңестiрiлген адам бола отырып, өзі тікелей және осы мекеменің бөлімше бастығы С. арқылы Т-ның  пайдасына жасаған iс-әрекеті үшін және жалпы қамқоршылық жасау үшін Т-дан 300 АҚШ доллары ақша түрінде пара алып, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған.

Судья сотталушы Д-ны кінәлі деп тауып, оған 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

       Үкім заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                                              Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі