Өзбекстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотымен Өзбекстан Республикасының азаматы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

Іс материалдарына сәйкес, Б. Қазақстан Республикасына 2017 жылдың сәуір айында келіп, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркеу кезінде берген көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтін еңбек қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін көрсетті.

Сот қаулысымен Б. кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК (56 725 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы зқаңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі