Ойыл аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында  аудандық «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлықпен күрес»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының төрағасы Е.Жиеналин, аудан прокуроры Ә.Қ.Балғазин, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры А.Даулетов, аудан прокурорының көмекшілері Ж.Аманжолов, А.Өмірсеріков, Ойыл аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы М.Сенбі, судья А.С.Төремұратова және сот қызметкерлері қатысты.

Іс шараны ашқан аудандық сот төрағасы С.З.Танимова жемқорлыққа қатысты қылмыстық, әкімшілік істердің баптарына байланысты ақпарат беріп, жемқорлықпен күрес - мемлекеттік органдардың ортақ мақсаты екендігін атап өтті.

Ойыл аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының төрағасы Е.Жиеналин кеңес барысында қатысушыларға жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді ортақ және өзара көмек шаралары жөнінде, сыбайлас жемқорлықпен күресті қалай жүргізу керектігін, сонымен қатар әр адамның санасына сыбайлас жемқорлық қандай дерт екендігін түсіндіру жұмыстарына байланысты өз пікірін айтты.

Сонымен қатар аудан прокуроры Ә.К.Балғакзин  Қазақстан Республикасының әр азаматы өз құқықтарын білуі, өзіне қатысты қандай да бір заңсыз әрекеттер болған жағдайда қандай органдар мен мекемелерге жүгінуі,  кімге хабарлау керектігін білуі тиіс екенін атап өтті.

Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар барлық мемлекеттік органдар жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс шараға ортақ күш салу қажеттігін атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі