Ойыл аудандық сотында «сот ғимаратына өткізу режимін сақтау» сұрақтарына байланысты дөңгелек үстел кеңесі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Ойыл аудандық сотында аудандық сот ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша жергілікті  МКҚБ-нің взвод қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға аудандық сотының судьялары, Ойыл аудандық МКҚБ-нің қызметкерлері және сот мамандары қатысты.

Ойыл аудандық сотының төрағасы С.З.Танимова Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісінің хатын қатысушыларға оқып таныстырып,  қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында «Сот ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету» ережелерін қатаң сақтау керектігін, қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі және сот приставы жүзеге асыратындығын айтып өтті.

Іс-шара барысында кеңеске қатысушылар ішкі объекті режимінің негізгі қағидаларын талқылады.

Сонымен қатар, келушілердің ішкі тәртіпті сақтау, сот төрелігін атқаруға кедергі келтіргені, соттың өкімін және талаптарын орындамағаны үшін  сот приставтарымен заң жүзінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені атап өтілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар