Ойыл аудандық сотында 2017 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында «Ойыл» газетінің редакторы С.Қойбағаровың қатысуымен, сот төрелігін жүргізуде 2017 жылдың 6 айында сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы С.З.Танимова қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көрсеткіштері туралы айтты.

Ойыл аудандық сотының өндірісіне 2017 жылдың 6 айында 9 адамға қатысты 9 қылмыстық іс түсті. Қаралған істер бойынша 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс медиация тәртібімен  аяқталды. 5 адамға қатысты 5 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып қаралды, атап айтқанда  3 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 2 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды; 1 жеке айыптау ісі бойынша 1 адамға қатысты айыптан бас тартуына байланысты іс қысқартылды, 1 іс соттылығы бойынша жолданды.

Ойыл аудандық сотына 2017 жылдың 6 айына  1 азаматтық іс қалдық болып қалды,  сот өндірісіне 97 талап арыз, соттылығы бойынша 3 азаматтық іс  түсті, оның ішінде  2 талап арыз кейін қайтарылды, 1 арыз қабылдаудан бас тартылды, 80 талап арыз өндіріске қабылданып азаматтық іс қозғалды.

2017 жылдың 6 айында 182 әкімшілік іс түсіп, 182 адамға қатысты 182 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде 163 әкімшілік іс бойынша жаза тағайындаумен қаралса, 19 әкімшілік іс өндірістен қысқартылды. Әкімшілік шара қолданылған істер бойынша 8 ескерту, 37 айыппұл (1 935 112 теңге), 107 әкімшілік қамау, 9 арнаулы құқығынан айыру қолдану, 2 аймақтан шығару  жөнінде қаулы шығарылды.

Қаралған әкімшілік істер бойынша 10 жеке қаулы шығарылды.

Сондай-ақ, аудандық сот төрағасы С.З.Танимова аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері ағымдағы жылдың  1 жартыжылдығында жергілікті және республикалық басылымдарда сот қызметіндегі қолданып жатқан жаңа инновациялық технологияларға, сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыптарында 27 мақала жариялағандығын айтты.

Сот төрағасы С.З.Танимова шараны қорытындылай келе БАҚ өкілінің көптеген сұрақтарына жауап беріп, қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі