Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді қайталап жасағаны үшін қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-бабына, сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Ырғыз аудандық сотының өндірісінде көбінесе кездесетін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер - құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттерді жасағаны үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, заңмен ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу қарастырылған, ал 2-бөлігінде осы баптың 1-бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының азаматтары отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасап, заңды бұзатындарын түсінуге міндетті, аталған әрекеттерді жасағаны үшін оларға тиісті жаза қолданылғанымен, заң бұзушылықтың саны жылдан жылға артып келеді.

Ырғыз аудандық сотында М. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша М. бұрын бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам бола тұра, өзіне тиісті қорытынды жасамай, төмендегі әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасаған.

05.10.2017 ж. 02-30 сағатта М., алкогольден масаң күйінде өзінің тұрғын үйінде анасы азаматша Ш.-ны лас сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға сыйламаушылық көрсетіп, құқыққа қарсы әрекет жасаған.

Соттың қаулысымен М. ҚР ӘҚБтК-нің жоғарыда айтылған бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған он тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Аталған құқық бұзушылықты М. ағасы Ғ. екеуі бірігіп жасаған, сол себепті ағайындылар бірдей жауапқа тартылды.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі