Ортақ мүлкті бөлу және мүліктегі үлестерін айқындау туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен талап қоюшы А. жауапкер Қ. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшының және жауапкердің арасында неке бұзылғаны, неке кезінде Комсомол ауылындағы үй және 1994 жылғы «OPEL VEKTRA» маркалы автокөлік мүліктері алынғаны анықталды.

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының ұйғарымымен азаматтық іс медиация тәртібімен реттеліп, жауапкер Қ. үйден және автокөлікті бөлуден бас тартып, талап қоюшыға қалдыруға міндеттенді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі