Ортақ мүлікті бөлу медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында талапкер Ш.-ның жауапкер Ш.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы  азаматтық ісі қаралды.   

Істі қарау барысында тараптар ортақ мүлікті бөлу туралы талап арыз бойынша дауды медиативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы сотқа арыз ұсынды.

Сот отырысында тараптар дауды медиативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, жазбаша өтініш білдірді.

Сот тараптардың дауды медиативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу  тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі