Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалмаған.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 135-1 бабының 1 бөлімімен 59 жастағы Хромтау ауданы тұмасы И. азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік істің мәні бойынша, 14.02.2014 жылы Хромтау аудандық прокуратурасының тексеру барысында Хромтау қалалық мектеп-гимназиясының директоры И-пен  заң талаптарын тиісті орындау мақсатында объектіні террористік іс-әрекеттерден қорғау, яғни осы білім ордасында білім алып жүрген 564 оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қандайда бір әрекеттер жасалмаған. Яғни, мектеп ғимараты бөгде адамдарды кіріп-шығаруды бақылайтын турникетпен, арнайы іздеу құралдарымен және қажетті күзет қызметкерлерімен қамтамасыз етілмеген. Сондай-ақ, инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларда қолға алынбаған. Тексеру барысында аталған мектеп ғимаратына бөгде адамдар емін-еркін кіріп-шығып жүргендігі анықталып, тексерушімен мектеп қабырғаларына «муляждар» қойылып шыққан, яғни заң талаптарына қайшы мектепте күзеттік режим күшейтілмеген.  Яғни, Хромтау қалалық мектеп-гимназиясының директоры И. Қазақстан Республикасының қолданысындағы көрсетілген заң талаптары орындамай немесе тиісінше орындамай, ҚР ӘҚБтК-нің 135-1 бабы 1 бөлімімен көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот И-ке Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 135-1 бабының 1-бөлімі бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,  яғни 9 260 /тоғыз мың  екі жүз алпыс/ теңге мемлекет пайдасына  айыппұл салынсын. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.