«Оқушылар сарайында» кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотының судьясы С.О.Дәріқұлова, кеңсе бас маманы А.Бекмурзина   Шалқар қаласындағы «Оқушылар сарайында»  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Діни экстремизм»  және «Гендер саясаты туралы», «Сот кабинеті сервисі» және «Сотты құрметтемеушілік» тақырыптарында   кездесу өткізді.

Кездесуге  бөлім  басшысының орынбасары  мен қызметкерлері  қатысты.

Судья С.О.Дәріқұлова өз баяндамасында, гендерлiк саясат – бұл қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталғанын және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы сот жүйесіне міндеттелген тапсырмалардың маңыздылығын айтып, қатысушыларға мақала аясында айқындалған болашақта жасалатын жоспарларды, нақты жобаларды жүзеге асыруға, ел бірлігін нығайтуға бағытталған жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып өтті. 

Аудандық соттың бас маманы А.Бекмурзина Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайтындағы «Сот кабинеті» сервисінің  қолжетімділігін, тиімділігін  айтып, сонымен қатар сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданатындығын айтып кетті.                   

Кездесу  барысында судья бөлім қызметкерлерінің сұрақтарына заң талаптарына сәйкес жауап берді. 

Қатысушылар өткізілген іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі