«Ок-дәрілерді заңсыз сақтаған үшін сотталды»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

      Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында Әйтеке би ауданы, Қостанай облысының тұрғыны Г-ға қатысты ҚР ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына келсек:  2014 жылдың ақпан айының 09-да сағат 06-30 шамасында, Әйтеке би темір жол станциясында, темір жол полиция қызметкерлірімен аз.Г. 9 мм. 24 дана оқ-дәрiлердi заңсыз сақтап, алып жүргені үшін ұсталды.

Сот отырысында сотталушының бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталғаны дәлелденіп, сот Г-ны ҚР ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 2  жыл, 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ

 

                                                                                                                                                    Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.