Облыстық соттың төрағасы қоғам қайраткері және профессор А.Айталыны мерейтойымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла белгілі ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Амангелді Абдрахманұлы Айталыны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

А.Айталы ұзақ жылдар бойы педагогикалық салада қызмет атқарды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жүзден астам ғылыми мақалалардың, бес монографияның авторы. Ол заң шығармашылық жұмыстарына, тіл туралы заңдардың қабылдануына, жер, неке және отбасы, білім, мәдениет және көші-қон туралы заңдарды қабылдауға белсенді қатысты.

Президенттің Жарлығымен Айталы жоғары мемлекеттік награда - 3-ші дәрежелі «Барыс» орденіне ие болды. Сонымен қатар, ғалымға ҚР БҒМ-нің «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы», Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, «Құрмет белгісі» ордені, «Парасат» ордені, «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі берілді.

Сонымен қатар, төраға профессордың жақын арада тұсаукесері болған рухани жетілу және рухани құндылықтарды насихаттау жайында баяндайтын «Рухани Кемелдік» кітабымен танысты. Бұл мәселелердің барлығы Елбасы айтқан қоғамдық сананы жаңғырту процесіне тікелей әсер етеді.

Облыстық сот төрағасы өзінің құттықтау сөзінде мерейтой иесіне денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілеп, ғалымның тұлғасы жас ұрпаққа үлкен үлгі екенін атап өтті.

Сәкен Абдолла  ақсақалға Қазақстанның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, оған естелік сыйлықтарын тапсырды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі