Облыс соттарында сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жалпықалалық екі айлық сенбілік аймағы негізінде сот аумағында сенбілік өткізілді.

Сот ғимаратының және оған қатысты аумақтың санитарлық күйін дұрыстау және күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында, сот ұжымы күл-қоқысты жинап, талдар мен гүлзарлардың жерін көтеріп, белсенді жұмыстар жүргізді.

Сенбілік барысында сот аумағы қурап қалған жапырақтардан, талдардан және қоқыстардан тазартылды.

Ырғыз аудандық сотының қызметкерлері ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде өткен жалпыұжымдық сенбілікке қатысып, сот ғимаратының ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Әрбір адам айналадағы ортаны жақсартуға, барынша таза ұстауға қолынан келгенше үлесін қосуы тиіс.

Әділдікті ту еткен сот билігінің өкілдері сенбілікке қашан да зор ынтамен қатысып, ауылымыздың жылдан-жылға көркеюіне үлесін қосып келеді.

Сенбілікке  шыққан  сот   қызметкерлері сот ғимаратының ішін және аумағын жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысып, оның тазалануына белсене ат салысты.

Дәл осындай сенбілік алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі