Н.Калдыбаевтың ісі бойынша ресми теріске шығару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

14 сәуір 2014 жылы КТК телеарнасы жаңалықтарындағы корреспондент: Ж.Ахаш пен Д.Уркумбаеваның репортаждарында Ақтөбеде жалғыз ұлынан айырылған ана алқа билердің үкіміне қарсы. Себебі, 20 жастағы Талғат Қуанбайға оқ атты деген күдіктіні олар ақтап жіберген. Облыстық сот алдында жиналған марқұмның туыстары сот алдында жауап берген жігіттің ағасы куәгерлердің біріне қысым көрсеткен. Қазір енді күдіктінің сол туысының өзі істі болып жатыр. Сондай-ақ, репортажда соттың әділ өткеніне прокурорлар да күмәнмен қарайды. Себебі, алқа билердің құрамында болған бір адамның өзі, қалған үшеуінің туған бауырлары қылмыс жасап сотталған екен.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер алқасының қатысуымен ҚР-сы ҚК-нің 251 бабының 1 бөлігімен, 96 бабы 2 бөлігімен, яғни атыс қаруы – шолақ мылтықты 16 калибрлі 4 дана патронымен бірге заңсыз иемденген, көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтірген, шолақ мылтықтан екі рет оқ атып, тигізе алмай, яғни өлтіруге бағытталған қылмыстық әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған деген айыппен Н.Е.Қалдыбаевқа  қатысты қылмыстық іс қаралды. Аталған қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, алқабилер соты көпшілік дауыс беру нәтижесі бойынша ол 21.01.2014 жылғы сот үкімімен  аталған баптар бойынша тағылған айып дәлелденген жоқ және ол кінәсіз деген тұжырымға келді.

Н.Е.Қалдыбаев тергеу органымен алдын-ала тергеумен анықталмаған күні, уақытта және анықталмаған жерде, тергеумен анықталмаған белгісіз адамнан атыс қаруын заңсыз иемденіп, 07 тамыз 2013 жылы сағат 02:20 шамасында Н.Е.Қалдыбаев Ақтөбе қаласы Заречный елді-мекені жанынан өтіп жатқан «Ақтөбе-Хромтау» тас жолының бойында орналасқан «Саян» аялдамасында бас араздығы негізінде ұрыс-керіс туындап, Н.Е.Қалдыбаев осы жағдайды сылтау қылып, Р.Туремуратовтан кек алу пиғылымен, Р.Туремуратовқа және оның қасында болған Т.Қуанбайға, сондай-ақ аялдамада болған адамдардың өміріне қауіп төндіріп, шолақ мылтықтан бір рет оқ атқан. Т.Қуанбайдың кеуде қуысына бытырадан оқ тиген жарақаты, оның өліміне әкеліп соқтырған. Бұдан кейін Н.Е.Қалдыбаев шолақ мылтықты екінші рет  Р.Туремуратовқа бағыттап оқ атқан, бірақ тигізе алмаған. Сол жерден қашып бара жатып артына бұрылып, Р.Туремуратов пен А.Исмурзинге қасақана қаза келтіру мақсатында кезеп, тағы да екі рет оқ атқан. Алайда тигізе алмаған, яғни соңғыларды өлтіруге бағытталған қылмыстық әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған деп айыпталған.

         Ақтау үкімі шағымдалып, оған жәбірленушілер мен олардың өкілдері апелляциялық шағымдары және прокурордың апелляциялық наразылығы бойынша іс апелляциялық сот алқада қаралып, ағымдағы жылдың 20 наурыз күнгі алқа қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Алқа мұндай тұжырымға шағымдар мен наразылықта көрсетілген заң бұзу фактілерінің анықталмауына, атап айтсақ алқабилер сотының Н.Е.Қалдыбаевты ақтау туралы тұжырымы бірінші сатыдағы сотта жан-жақты, заң талаптары сақталып, зерттелген дәлелдемелерге негізделуіне байланысты, яғни басты сот талқылауында сотталушыдан, жәбірленушілерден, куәлардан, сарапшыдан жауап алынғаны қылмыстық істің материалдарымен зерттелген.

Сонымен, апелляциялық сот алқасы алқабилер сотының үкімі сот мәжілісінде жан-жақты және толық зерттелген дәлеледемелердің негізінде ақтау үкімі шығарылды деген тұжырымға келді. Сот алқасы ақтау үкімін өзгертуге немесе бұзуға негіз тапқан жоқ.

Сондай-ақ, аталмыш үкімді алқабилер дауыс беру арқылы шығарып, алқа билердің құрамын іріктеу барысында заңнама талаптары сақталып, іс қаралу кезінде заң бұзушылыққа жол берілмеген. Яғни, сот алқасы прокурордың наразылығында келтірілген фактілерді тексеріп, яғни алқабилердің мүшелерінің туыстары соттылығының болуы және алқабилердің бір мүшесінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны тексерілді.

Шын мәнісінде, прокуратура органдарының ақпаратына сай алқа билердің бір мүшесі салық органымен әкімшілік айыппұл жазасына тартылған. Сот алқасы алқабилердің бір мүшесінің құқық қорғау органдары болып есептелмейтін бұл органмен жауапкершілікке тартылуы істің мәні бойынша қаралып, шешім қабылдауда бұл фактінің әсерін тигізбейтіні жөнінде тұжырымға келді.

Сонымен, «Алқабилер құрамы туралы» ҚР Заңының талаптарына сай алқабилер мүшесі туыстарының соттылығы алқабилер үміткерлер тізіміне жатқызбауға шектеу қойылмайды. Заң бойынша алқабилер құрамына соттылығы жойылмаған немесе алынбаған тұлғалар үміткерлер тізіміне енгізілмейді.

 Сондай-ақ, наразылықта көрсетілген алқабилер мүшесі туысының соттылығы заң талаптарына сәйкес жойылған.

Осылайша, апелляциялық сот алқасының пікірінше, алқа билердің құрамын іріктеу барысында заңнама талаптары сақталып, іс қаралу кезінде заң бұзушылыққа жол берілмегендіктен, ақтау үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

 

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
дело Калдыбаева Н, оправдание присяжных, Актобе, СМУС