Неке медиация тәртібімен сақталып қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында талап қоюшы Д-ның некеден ажырасу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Д. сотқа некеден ажырасу туралы талап арызында жауапкермен 2005 жылдан заңды некеге тұрғандарын, некеден ортақ балдарының барын, жауапкермен өзара түсініспеушілік салдарынан ара-қатынастары үзілгендерін, жанұяны сақтап қалу мүкін емес екенін, ортақ мүлікке қатысты даудың жоқ екенін, жасы кәмелетке толмаған балдардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша келісімге келгендерін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Сот отырысы барысында кәсіби емес медиатордың жәрдемдесуімен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімге келіп, шарт бойынша талап қоюшы некені бұзу туралы талап арыздан бас тартады, ал жауапкер болашақта өз отбасын сақтап қалу үшін барлық күш-жігерін салады.

Дауды реттеу туралы келісім сот медиациясын жүргізу тәртібімен бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі