Мүлкі туралы мәлімет бермегені үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, іс материалында көрсетілгендей ол мемлекеттік лауазымды атқарушы тұлғаның жұбайы бола тұра  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 27 бабының талаптарын бұзып,  2016 жылдың декларациясында салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәлімет бермеген, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 274 бабының 1-бөлімінде (мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес азаматша А. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 79 415 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі