Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібіндегі пилоттық жоба аясында қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы  А. жауапкер А.-ға некені  бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотпен тараптарға пилоттық жобаны іске асыру туралы медиацияның артықшылықтары түсіндірілген хабарлама жолданып, медиативтік келісімді бекітудің және істі өндірісімен тоқтатудың салдары түсіндірілді.

Содан кейін, тараптардан дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берілген.

Медиация рәсімін жүргізу кезінде тараптар келісімге келіп, отбасын сақтап қалу үшін қажетті шараларды қолға алатынын атап көрсеткен.

Сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы келісімді бекіту жайында ұйғарым шығарылды.

Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.           

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі