Мұғалжар аудандық сотында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық  сотында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті.

Шараға аудандық  сотының төрағасы С.З.Тасымбетов, судьялар, сот қызметкерлері және  «Жастар патриоттық клубының» ҰЕҮ –ның төрағасы қатысты.

Шара барысында сот төрағасы С.З.Тасымбетов  қатысушыларды  Мемлекеттік рәміздер күнінің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, айтулы күннің маңыздылығына тоқталды. «Мемлекеттік рәміздер күнін қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді. Алтын түстес арайлы күн мен қалықтаған қыран бейнеленген  көгілдір ту және барша қазақстандықтардың ортақ үйі іспеттес шаңырақ бейнесі суреттелген елтаңба тәуелсіз мемлекеттің нышанына айналғаны  туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Жастар патриоттық клубының төрағасы Ж.Табылғанов  «Мемлекеттік рәміздерді орналастыру және ескірген жағдайда ауыстыру және жою тәртібі» атты тақырыбында сөз сөйледі.

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін насихаттау және көпшілікке дәріптеу арқылы ұлттық сана мен отаншылдық сезімді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі