Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазіргі уақытта сот жүйесіндегі барлық салалар бойынша сот қызметтері туралы ақпараттардың, сондай-ақ сот төрелігінің  ашық, қолжетімді әрі айқын болуына аса мән берілуде.

Осыған орай, Мұғалжар аудандық сотында  азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы С.З.Тасымбетовпен жергілікті тұрғындарға көкейлерінде жүрген өзекті мәселеріне қатысты түсіндірме берілді. Сұрақтардың басым бөлігі алимент өңдіру, бережақ өңдіру, заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы  мәселелерін қамтыды.

Сот төрағасы С.З.Тасымбетов азаматтардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріп, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтты.

Сонымен қатар, төраға С.З.Тасымбетов «Ашық есік күні» іс-шарасында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілуіне аса мән беріліп, тиімді жұмыстар атқаруды мақсат етіп отырғанын атап өтті.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі