М.Толеужановтың ісі бойынша баспасөз парақшасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

08.11.1994 жылы туылған Төлеужанов Мағжан Бектиярұлы  2012 жылы Қазақстан Республикасының ІІМ-нің Ақтөбе Заң Институтының Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе Заң институтына оқуға түскен. 2013 жылдың 17 желтоқсанында сағат 17.00 шамасында М.Төлеужанов еркіндікте жүріп, оқу барысында Оңтүстік Қазақстан облысынан келіп түскен 2-ші курс тыңдаушылары Б.Елтай, Ә.Ешентай және А.Әшірмен арадағы бір жыл бойына соңғылардың Ақтөбе облысының тыңдаушыларына үстемдік жасау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кішігірім оқиғаны бұзақылық жасауға желеу етіп, өзінің курстастары А.Нұрай және Қ.Нургалиевтің назарынан тыс жерде тұрып, қоғамдық тәртiптi және мінез-құлық және жалпыға бірдей көзделген нормаларды тым өрескел бұзып, қоғамды сыйламай, түнгі мезгілде басқа адамдардың қатысуына қарамастан,  Ақтөбе қаласының 41 разъезінде орналасқан институт аумағын қоршаған бетонды қоршаудың зауыттан әзірленген тесігі арқылы өзімен бірге заңсыз алып, сақтап, тасымалдап және алып жүрген қолында болған 16 калибрлі екі оқпен оқтаулы шолақ аңшы мылтығынан топтағы Оңтүстік Қазақстан облысының тыңдаушыларына қарай бағыттап, атыс қаруынан 2 рет оқ атып, 2-курс тыңдаушылары А.Құрманбай, Қ.Нәжметдин, 3-курс тыңдаушысы О.Ибрагимов және 3-курс бастығының орынбасары полиция майоры М.Ешмановқа жеңіл дәрежелі дене жарақаттарын  салып, оқиға болған жерден бой тасалаған. 11 сәуір 2014 жылғы сот үкімімен Төлеужанов  ҚР ҚК-нің 251 бабының 1 бөлімімен, 257 бабының 3 бөлімімен  атыс қаруын заңсыз сатып алып, тасымалдап, алып жүріп, сақтағаны  үшін жіне таывс қаруын қолданып, бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті  4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны отеу орны болып  жалпы режимдегі түзеу колониясы белгіленді. Сот жеке қаулысымен институт басшысының назарын қылмыс оқиғасына әкеліп соқтырған оқу орнындағы тәрбие жұмыстарының олқылықтарына назарын аударды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі