Мәртөк аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін мерейтойымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

12 шілдесінде сот жүйесінің ардагері Даулет Алдиярұлы Қошқарбаев 65 жасқа толды.

Мәртөк аудандық соты ұжымы  сот жүйесінің ардагерін мерейтойымен құттықтап естілік сыйлық сыйлады.

Даулет Алдиярұлы барлық еңбек жолын сот төрелігіне арнаған. 1996 жылы  Ленинский аудандық сотына судья қызметіне тағайындалған, 1997 жылдан бастап Мәртөк аудандық сотында судья, 2001-2006 жылдар аралығында Мәртөк аудандық сотының төрағасы, 2006-2009 жылдар аралығында Ақтөбе қалалық №2 сотында судья қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста, Ақтөбе қалалық алқасының адвокаты болып жұмыс атқаруда.

Даулет Алдиярұлы  аудандық сотының көрсеткен назарлары үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік, денсаулық  және гүлдену тіледі. 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі