Мәртөк аудандық соты оқушыларды мектепке дайындау акциясына өз үлесін қосқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елімізде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы  өткізілді. Он жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында биыл тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған әлеуметтік көмек көрсетілмек. Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, спорт киімдері мен мектепке қажеттi оқу құралдар табыс етіледі. 
Әр қазақстандық осы іс шараға өзінің үлесін қосуға мүмкіндігі бар.

Мәртөк аудандық соты да, әр жыл сайын мектепке оқушыларды дайындауға өткізілетін акцияға үлесін қосады. 2017 жылдың 11 қыркүйегінде акция өткізу шегінде сот ұжымы табысы аз отбасы Шуакбаева Әлия жанұясына, бір өзі  бала асыратын ана,  дайындық сыныпта оқитын қызына қажетті оқулықтармен қамтамасыз еткен.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі