Мәртөк аудандық соты «20 игі іс» акциялық эстафетасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

    Мәртөк аудандық соты «20 игі іс»  эстафетасына қатыса отырып, аз қамтылған отбасыға көмек қолын созды.

Акция Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл және Астананың 20-жылдығы мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.Акция барысында аз қамтылған отбасыға сот ұжымы қажетті азық-түліктермен көмек көрсетті. Аталмыш отбасының әжесі жалғыз өзі жетім қалған 2 немересін асырап жүр. Балалардың әкесі қайтыс болған, ал анасы ата-аналық құқығынан айырылған.

Отбасы мүшелері өз тарапынан алғыс айтып, Мәртөк аудандық сотының ұжымына табыс тіледі.