МЕҰ кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе облысының жастар қоғамдық бірлестігі «Кенес»  қызметкерімен «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында кездесу өткізілді.

Осы іс- шараға судья А.Б.Сабыров сот кеңсе меңгерушісі Г.И. Акмолдина және Ақтөбе облысының жастар қоғамдық бірлестігі «Кенес» директоры А.И.Карханов қатысты.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі Г.И.Акмолдина өз баяндамасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл амалдары, Сыбайлас жеқорлыққа қарсы заңда анықталған тұжырымдамалардың кейбірін ашып атап өтті: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық. Жемқорлық қаупі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

«Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;»

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);»

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың  туындау мүмкіндігі;»

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу дегеніміз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.»-деп, көрсетті Г.И.Акмолдина.

Іс-шара аяқталу қарсаңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл амалдары туралы өз ойларымен бөлісті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі