МЕҰ кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе жетекші маманы  Р.Т.Жакина «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» БҰ өкілдерімен кездесу өткізді. «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» БҰ-ның қызметкерлері арасында «Сот кабинеті» және «Сall-орталығы» сұрақтары талқыланды.

Р.Т.Жакина «Сот кабинеті» қызметі – ең қолайлы нұсқа, арыздарын, шағымдарын және басқа да өтініштерді онлайн тәртібінде берудің оңтайлы әдісі болып табылатындығын айтты. Бұл құжат тапсыру тәсілінің түрі, кезекте тұрып құжаттарды тапсырудан ең қолайлы нұсқасы екенін атап өтті. Сондай-ақ уақыт пен материалдық ресурстарды үнемдеу үшін «Сот кабинеті» қызметінде электрондық нысандар – сотқа жіберілген электрондық құжаттар үлгілері орналастырылған.

Сонымен қатар, жетекші маман ҚР Жоғарғы Сотының және Ақтөбе облыстық соты «Сall-орталығы» жасалды, оның мақсаты сот қызметінің ақпараттық айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, халық және сот арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құру, сот ісіне қатысатындардың және мүдделі тұлғалардың қаралған істер бойынша қабылданған сот актілері, нәтижелері және шағымдардың, өтініштердің және арыздардың шешу мерзімдері туралы жедел және сенімді ақпаратты алу екендігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар ұсыныстарын  білдіріп, ал оқылған ақпараттар назарға алынды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі