Мемлекеттік тілін сот ісін жүргізуінде қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Сабыров сот ісін жүргізудегі «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңын қолдану тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Аталған шараға Мұғалажар ауданы прокурорының орынбасары, Ембі қалалық полиция бөлімшесінің, Ембі, Жем қаласы әкімшілігінің өкілдері мен  медиатор, нотариус, адвокаттар және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Аталған тақырып бойынша аудандық соттың төрағасы судьялардың, сот мәжілісінің хатшыларының және сот қызметкерлерінің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді сотқа келіп түскен уақыттан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабының және Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" Заңының 13-бабының талаптарын қатаң сақтауы тиістігін атап өтті, сондай-ақ, семинарға қатысушылар арасында сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік тілдің қолданылуына байланысты мәселелер талқыланды.

Шара соңында семинарға қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі