«Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бойынша Мұғалжар №2 аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаевамен Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілгенін «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бойынша түсінік берді.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.  Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс деп атап кетті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі