Мектепте кездесу ұйымдастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің бастамасымен Шалқар қаласы №1 мектеп-гимназиясында мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында әкімшілік және қылмыстық заңнамаларды түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев қатысты.

 Кездесу барысында  сот төрағасы О.Бақтыгереев қатысушыларға әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың негізгі ережелерін түсіндірді. Кәмелетке толмағандар тарапынан болатын құқық бұзушылықтар үшін кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған істер бойынша соттың статистикалық мәліметтерін келтірді.

  Сот төрағасы  сот жүйесіндегі жаңалықтарға да тоқталды.  Соның бірі, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Азаматтық процестік кодексі қолданысқа енгізілгенін,  кодекстің өзекті жаңашылдықтарының бірі ретінде татуластыру рәсімдері және сот дауларын балама тәсілдерімен шешу аясының кеңейгенін атады.  

Сондай-ақ, сот төрағасы мектеп оқушыларына патриоттық сезімді тәрбиелеу,  мемлекеттік рәміздерді құрметтеу маңыздығын  түсіндірді.

 Кездесу соңында  шараға қатысушылар өз ой-пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі