Медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында қарыз сома өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Талап беруші аз.К жауапкер аз.Д -ға қарыз сома 34 425 теңге өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді, яғни жауапкер одан 34 425 теңге  автокөлік қосалқы заттарды сатып алуға қарыз алғанын , бірақ осы күнге дейін қарызды қайтармағанын айтты.

Іс қарау барысында сот тараптары –талап беруші мен жауапкер медиативтік келісімге келді,  медиативтік келісімді бекітуге және  сот өндірісін келесі шарттар бойынша қысқартуды сұраған, яғни талап беруші талаптан бас тартқан, ал  жауапкер  талапкерге 2017 жылдың 30 шілдесіне дейін 34 425 теңге төлеуге міндеттелді.

Сот медиативтік келісімді бекітіп, сот өндірісін қысқартты.        

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі